Подписаться
0

Помогли

0

Социальные проекты

0

Участники

0

Подписчики

"meyirim.kz" Қайырымдылық қоғамдық қоры

Город

Шымкент / Не заполнен

Адрес

Не заполнен

Телефон

77023031100

«Мейірімділік керуені»

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР БІЗДЕ «Мейірімділік керуені» АТТЫ КОНКУРС! ШАРТТАРЫ 1. @meyirim және @shymqala_zhastary аккаунтына тіркелу. 2.Жақсылық жасап история салып @meyirim және @shymqala_zhastary 2 аккаунттын тектеп #meyirimdilikkerueni деп қою керек 3.Осы жақсы істі жалғастыратын 5 досыңды осы постын астына белгілеу Спорттық велосипед , доптар, шейкерлер және басқа бағалық сыйлықтар сіздерді күтуде сәттілік. Нәтижесін 30 наурыз тікелей эфирде сағат 19:00 жариялайтын боламыз. #meyirimdilikkerueni

Қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз құтты болсын!!

Meyirim.kz қайырымдылық қоры барша Қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды. #meyirim.kz #meyirimdilik

Дүние жүзілік балалар күні

Дүние жүзілік балалар күніне орай №7 К.Сыпатаева атындағы мектепте, Ерекше балаларға арнап мерекелі іс-шара өтті. ? ? Мерекелі іс-шараның өтуіне себепші болған жандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз ? ?

Зағип жандарға арнап шахмат, шашкі, тоғыз құмалақ жәнеде теннис түріндегі спорттық іс-шаралар өтті

Ізгілікте жарысайық Қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен іс-шара Зағип жандарға арналған болатын. ? Бұл іс-шара Абай Құнанбаев атындағы кітапханада өтті. Зағип жандар өз өнерлерімен баршамызды тәнті қылды.

Оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап өткізілген мерекелі іс-шара

Осы өткен керемет мерекелік бағдарламамыз мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сезімін сыйлады. ? Оңалту орталығындағы өнерлі бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Мерекелік бағдарламамызға екі топ қатысты, әр топта 30-35 шақты бүлдіршін бар. Бұндай бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттырады.

№3 Шымкент балалар үйінде өткен ойын-сауық іс-шарасы

№3 Шымкент балалар үйінің бүлдіршіндерінің көңіл-күйлерін көтеріп, Мейірім Еріктілерімен бірге ойын-сауық іс-шараларын өткіздік. Іс-шараға 30 шақты бала қатысты. Жеңімпаздар жүлделерге ие болды. ? ?

Социальный магазин "Meyirim.kz"

В городе Шымкент открывается социальный магазин для помощи нуждающимся. Оснавная цель магазина распределение вещей пригодных для пользования по нуждам людей.

Қыздарға арналған №4 Интернат

Мейірімді жастар 49 балақайдың әсем әнмен, тәтті шәймен қуантып қайтты

Қайырымды жандарға алғыс!

Қайырлы күн жақсылық жасауға құштар жандар ? Бізге Эльмира есімді жалғыз басты ана өзінің мұқтаждығын айтып, балаларынын жиі ауырып, жататын төсек орындары жоқ екенін, жолдасы тастап кеткенін және үйлерінде жылу жүргізілмегенін айтты. ?? Эльмира анамыз жергілікті мешіттен және әкімшіліктен азық-түлік жағынан көмек алып жатыр. Біздің тарапымыздан балаларға жататын төсек орын әкеліп берілді. ??

Қарты бар үйдің қазынасы бар!

Еріктілер жалғыз тұратын, 85 жастағы Валентина апаның үйіне барып Тазалық күнін өткізді. Жақындарымызды жалғыз қалдырмайық, достар!

Құрбан Айт 2019

Құрбан айттың ең басты белгісі ол- құрбандық шалу, Құрбан Айтта еттер таратылып, мерекелік көңіл күйде атап өттік.

Құрбан Айт- балалар көзімен

Мерекелерде көбіне балалардың шетте қалып кететіні рас, сондықтан Құрбан Айтта балаларды барынша мейрамның келгенін сезіндіруге және улкен-кішіге мейірімді болуға шақырып, жол көрсеттік! Ата бабамыздың кең пейілділігін алға тарта, балалардың сыйлықты бөлісуге, елмен бірге қуануына мүмкіндік жасап, өскелең ұрпақтың салт дәстүрімізді бойына сіңіріп өсуіне өз үлесімізді қостық деп білеміз?