Подписаться
0

Помогли

0

Социальные проекты

0

Участники

0

Подписчики

Жастар Ресурстық Орталығы

Город

Шымкент / Не заполнен

Адрес

Түркістан көшесі, №1

Телефон

8 (7252 )59 13 60

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында «Көмек» оңалту орталығындағы қиындыққа тап болған 10-ға жуық аналар мен қыздарына арнап "Ақерке" сұлулық салонында шаш қидыру, бет әрлеу жұмыстары жүргізілді. Демеулік көрсеткен @ainura_salonkrasoty ханымға және @region.uko тасымалдау қызметіне алғысымызды білдіреміз

12 наурыз күні "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастыруымен «Birgemiz; TazaAlem» және «Birgemiz»; «Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында «Сенім» медицина волонтерлік ұйымы және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің волонтерлері Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданының тұрғыны жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі қарт кісінің үйінде еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік себеттерін үлестірді.

10 наурыз күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і еріктілері мен ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Әл-Фараби ауданына қарасты Наурыз ықшам ауданы және Қ.Қазиев көшелеріндегі тұрғын үйлердің иелеріне “Өрт қауіпсіздігі” және “Улы газдан уланудың алдын алуы” бойынша түсіндірме жұмыстары, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

"Birgemiz: TazaAlem" жалпыұлттық жобасы

Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен "Birgemiz: TazaAlem" жалпыұлттық жобасы аясында Қаратау анданына қарасты жалғыз басты мүмкіндігі шектеулі жанның үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық соңында жалғыз басты қарт кісі волонтерлерге батасын беріп, алғысын айтты. Волонтерлермен ұйымдастырылған іс-шара әрі қарай жалғасын табатын болады.

"Шексіз әлем"

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Birgemiz:Qamqor" жалпыұлттық жобасы аясында Шымкент қалалық "Көзі көрмейтін және әлсіз көретін" азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "X-factor 2015" ән байқауының жеңімпазы Астана Қарғабай "Шексіз әлем" жобасы бойынша вокалдан дәріс өткізді.

"Birgemiz: Saulyq" жалпыұлттық жобасы

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-і ұйымдастыруымен "Birgemiz: Saulyq" жалпыұлттық жобасы аясында "Сенім" медицина волонтерлерімен бірге қарттардың қан қысымын өлшеу бойынша жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қарт кісілерге азық-түлік себеттерімен жеміс-жидектер үлестірілді.

"Birgemiz: Qamqor" жалпыұлттық жобасы

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Birgemiz: Qamqor" ,"Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобалары аясында "Көмек" оңалту орталығындағы қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету, олардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында тәттілер әзірлеуден мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер классқа 10-ға жуық әйел кісілер қатысты.

"Birgemiz Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы

22 қаңтар күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы аясында "Көмек" оңалту орталығының аналары мен балаларына арналған "Әлем балалар көзімен" атты мерекелік іс шара өтті.

"Асыл-ай" мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалту орталығы

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Асыл-ай" мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап азық-түлік себеттерін үлестірді.